Игра на вылет

    «Жетінші арнада» психологиялық мелодрама жанрында түсірілген, 16 бөлімнен тұратын, отандық «Игра на вылет». Жобаның режиссері Азиз Бейшеналиев . Телехикаяның сюжеті - Алматы қаласының арнайы спорт талантары жиналған жетімдер үйіндегі, кәмілеттік жасқа толмаған жеткіншектерден, әкімдіктің тәжірибелік жобасы арқылы, футбол командасын құрауы туралы. Бас кейіпкер - мемлекет қызметкері, жетімдер үйінің жеткіншектерін, кәсіби спорттық бағдарламамен тәрбиелеуді мақсат көздейді. Мұндай шешімді негіздеу үшін дарынды жетімдерден тұратын футбол командасы құрылады. Бұл оқиғаның кішкентай батырларының басты мақсаты - футбол чемпионатында жүлдеге ие болып, жеңіске деген ұмтылысын көрсету. Бірақ жеңіске жету жолында, шынайы өмірге дайын болмаған жетімдер қателіктер жасап, көптеген қиыншылықтарға тап болады. Тек ымырасыз спорт пен тәжірибелі оқытушылардан тұратын команда, қанаттары қатаймаған балаларды өмірге мақтанышпен қараған кезде ғана, жетістіктерге жетуге болатындығын үйрете алады. Телехикаяда екі негізгі мән бар: оның бірі - бала мәселесі, ата-аналардың өз сәбилерінен бас тартуы; екіншісі - әр адамның өмірде қиыншылықтармен кездесуі ғана емес, сонымен қатар оларға төтеп беруі мүмкін екендігі. Актерлық ұжым: Азиз Бейшеналиев, Жан Байжанбаев, Дмитрий Скирта, Гульнара Дусматова, Ольга Ландина, Азат Сейтметов, Сергей Уфимцев, Алма Рулас, Жанар Макашева, Меруерт Утекешева, Мурат Нурасилов, Асель Мамбетова, Ерболат Оспанкулов, Ерлан Сабитов, Сакен Ракишев, Ольга Коржева, Кунсулу Шаяхметова, Антон Митнев.